Астанадағы жиын әртүрлі көзқарастардың бейбітшілік пен ынтымақтастыққа деген ұмтылысының көрінісі - Бүкіләлемдік лютеран федерациясы

АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - "Біз азаматтардың діни сенімге деген құқықтарының сақталып, діни азшылықтардың жағдайына көңіл бөліп отырған Қазақстан басшылығына ризашылығымызды білдіреміз. Мен бүгінгі жиынды өте жоғары деңгейдегі шара деп бағалаймын және ол көптеген діни ұйымдардың қолдауына ие болып отыр",     Бүгін  Діндер  басшыларының  сьезінде    сөз  сөйлеген  Бүкіләлемдік лютеран федерациясының Бас  хатшысы Ишмаэль Ноко  осылай  атап  өтті,
None
None

деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

«Біз бүгінгі жиын барысында көтерілген мәселелердің барлығы біздің өмірімізге жақсы әсерін тигізетініне мен сенемін және біз осы істердің жүзеге асуына күш салуымыз қажет. Біз осы ұйымдастырылып отырған съездердің әрқайсысында өзімізді толғандырған мәселелерді талқыға сала отырып, олардың түп негізіне үңіле отырып, олардың шешілу жолдарын тани түстік. Яғни біз күннен-күнге жетіліп келеміз. Оның үстіне дін өкілдерінің бір-біріне деген сенімдері де артып келеді», деді ол.

Оның  сөзіне қарағанда, бүгінде дінаралық және өзге де қатынастарды бұзуға бейім келеңсіздіктер әлемде аз емес. Алайда  біз осындай жиындарда бас қоса отырып, бір-бірімізге деген сенімнің арқасында бейбітшілік пен келісімді нығайтамыз. «Астанадағы жиын түрлі көзқарастардың бейбітшілік пен ынтымақтастыққа деген ұмтылысының көрінісі», деді Ишмаэль Ноко.    

Соңғы жаңалықтар