Астанадан Қарағанды тас жолы арқылы қатынайтын қоғамдық көліктер тоқтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадан Қарағанды тас жолы арқылы қатынайтын қоғамдық көліктер уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

«Ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, бұрқасын), Қарағанды тас жолы бағытында қатынайтын қала маңы бағдарларының қозғалысы токтатылады.

Қалған қала маңы бағдарлары линияда», - деп жазды City Transportation Systems компаниясынан әлеуметтік желіге.

Айта кетейік, бұған дейін елордада 20 қараша күні қоғамдық көлікпен жүру тегін болатынын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар