Астанадан Қарағанды және Бурабай бағытындағы жолдар жабық
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үш облыстың аумағындағы республикалық жолдарда көлік қазғалысы шектелді. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен хабарланды.
Боранға байланысты Ақмола облысы аумағында мына жолдар жабылды: - «Жезқазған-Петропавл» жолының 377-464 шақырымындағы Қостанай облысы шекарасы мен Державинск аралығы; - «Екатеринбург-Алматы» жолының 1275-1353 шақырымындағы Астана мен Қарағанды облысы шекарасы учаскесі; - «Астана-Петропавл» жолының 18-231 шақырымындағы Астана мен Бурабай аралығы.
Сонымен қатар Қарағанды облысы аумағында «Екатеринбург-Алматы» жолының 1444-1353 шақырымындағы Теміртау мен Ақмола облысы шекарасы аралығы, сондай-ақ 1492-1854 шақырымындағы Қарағанды мен Балқаш учаскесінде көлік қозғалысы шектелді.
Бұдан бөлек Ақтөбе облысы аумағында бірқатар жолдар жабық тұр: - «Ақтөбе-Атырау - Астрахан» жолының 45-95 шақырымындағы Алға мен Қандыағаш учаскесінде, сондай-ақ осы жолдың 178-330 шақырымындағы Шұбарқұдық пен Атырау облысы шекарасы аралығында; - «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» жолының 0-258 шақырымындағы Қандыағаш пен Шалқар аралығында; - «Ақтөбе-РФ шекарасы (Орск)» жолының 75-135 шақырымында.