Астанадан келген «Денсаулық» пойызы тұрғындарға медициналық қызмет көрсетті

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Астанада арнайы жасақталған «Денсаулық» медициналық пойызы өкілдері Ақмола облысына қарасты Еңбекшілдер ауданындағы Еңбек стансасында тұрғындарға дәрігерлік қызмет көрсетіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүзеге асырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Аудан әкімі Теміржан Хамитовтың айтуынша, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйытқы болуымен апатты уақытта құтқару тобы акция аясында шағын стансаларға тоқтап, алдын ала жасалынған кестеге сай өз қызметтерін ұсынған. Пойызға тіркелген 4 медициналық вагонда он түрлі қызмет көрсетілді. Мұндағы 17 білікті маман әр келушіні мұқият тексеріп, тиісті анықтамалар жазып берді. Топ құрамында арнайы зертхана, рентгенге түсіру қондырғысы, оталау пункті ескерілген. Осылайша шалғайдағы стансалар мен шағын ауылдарға мамандандырылған тегін медициналық қызмет көрсету арнасы одан әрі кеңейтіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар