Астанадан Қырғызстан мен Өзбекстанға ұшақ қатынайды

АСТАНА. KAZINFORM – Qazaq Air (Vietjet Qazaqstan) әуе компаниясы Астанадан Бішкек пен Самарқандқа тікелей екі жаңа халықаралық рейс ашып жатыр.

Әуе рейсі
Фото: Көлік министрлігі

Орталық Азиядағы бағытын кеңейту бастамасы Президенттің түркі елдері арасындағы байланысты дамыту арқылы туризмді, сауданы, білім беру мен мәдени ынтымақтастықты күшейту жөніндегі стратегиялық бастамасымен үндес келеді.

2025 жылғы 7 қарашадан бастап Астана – Самарқанд – Астана бағыты бойынша (аптасына 2 рет – жұма және жексенбі), ал 10 қарашадан бастап Астана – Бішкек – Астана (аптасына 2 рет – дүйсенбі және бейсенбі) бағыты бойынша тікелей рейстері орындалады.

- Астанадағы хаб арқылы әуе компаниясы жолаушыларға Бішкекке, Самарқандқа, Омбы мен Новосібірге, сондай-ақ Қазақстанның түрлі өңірлеріне ыңғайлы рейстерді ұсынады. Жаңа әуе бағыттар аймақтың іскерлік, туристік және мәдени байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін болады, - делінген Азаматтық авиация комитеті хабарламасында.

Айта кетейік, Астана мен Будапешт арасында тікелей әуе рейсі қайта жандануы мүмкін.

 

Соңғы жаңалықтар