Астанадан Нұрлы елді мекеніне баратын жол уақытша жабылады
АСТАНА. KAZINFORM – Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұрлы елді мекеніне баратын жолда асфальт жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді.
Осыған байланысты аталған учаске 28 және 29 тамыз күндері толығымен жабылады. Қозғалыс кіреберіс балама жолдар арқылы ұйымдастырылады.
- Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге маршруттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескерген жөн. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады, - делінген ақпаратта.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан бұл өзгерістерге түсіністікпен қарап, сапарларын жоспарлау кезінде ескерулері сұралады.
Айта кетейік, Астанада кірме жол қызметіне тариф бекітуге қатысты жария тыңдау өтті.