Астанадан шығатын барлық бағыттар бойынша жолаушылар және дизельді көліктердің қозғалысы үшін жол жабылды - ҚР ТЖМ

деп хабарлады ҚР ТЖМ.
Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (ауа температурасының төмендеуі) дүйсенбі сағат 18.30-дан барлық бағыттар үшін жолаушылар және дизельді көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығына байланысты (ауа температурасының төмендеуі) Астанада кеше сағат 21.05-те барлық бағыттар бойынша жолаушылар тасымалдаушы және дизельді көліктер үшін қозғалыс жабылды.
Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (ауа температурасының төмендеуі) 10 желтоқсан сағат 20.00-ден бастап қоғамдық және дизельді отынмен жүретін көліктер үшін келесі учаскелерде жол жабылды: Қарағанды - Балқаш тас жолының «Алматы-Екатеринбор» бөлігі, Қарағанды-Жезқазған тас жолында - «Қызылорда-Павлодар», Қарағанды-Осакаров тас жолында - «Алматы-Екатеринбор», Қарағанды-Молодежный тас жолында - «Қарағанды-Павлодар», Қарағанды-Қарқаралы тас жолында «Қарағанды-Аягөз-Бұгаз» учаскелері.
Бұған дейін хабарланғандай, сағат 18.30-дан Қарағанды облысында Молодежный - Павлодар облысының шекарасы (1069-1135 шақырым) Қызылорда - Павлодар тас жолы қоғамдық және жүк көліктерінің қозғалысы үшін жабық.