Астанадан шығатын барлық жолдар жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті ауа райының нашарлауына байланысты қаладан шығатын республикалық жолдар жабылғанын хабарлады.
None

Ведомствоның мәліметінше, 1 наурыз күні сағат 00.00 бастап республикалық маңызы бар «Астана - Ерейментау - Шідерты» тасжолының 16-200 шақырым аралығында көлік қозғалысына тыйым салынған.

Бұл - Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі учаске.

Жолдың жабылуына қатты көктайғақ себеп болып отыр.

Одан бөлек, түнгі 00.00-де Астана-Қорғалжын тасжолының 19-124 шақырым аралығы жабылды.

Сонымен қатар 28 ақпан түнгі 23.15 бастап боранға байланысты «Қызылорда-Павлодар» автожолының 1367-1258 шақырым аралығында да бүкіл көлік түрлеріне шектеу енгізілді.

Бұл - Ленин кентінен Екібастұз қаласына дейінгі аралық.

Түнгі 00.55 кезінде «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елордадан шығатын бүкіл жолдар жабылғанын ескертіп, жолаушылардан алыс жолға шықпауды өтінді.


Соңғы жаңалықтар