Астанадан төрт бағытта жаңа әуе рейстері ашылады
«Биыл қанатқақты режімде Астана үшін ашық аспан тәртібін енгіздік, яғни әлемнің кез келген нүктесінен аптасына 7 рет жиілікпен әрбір әуе компаниясы Астанаға бағдарларын ұйымдастыра алады. Біз осы режімді ЭКСПО кезеңіне енгіздік. Егер де жоба сәтті болса, оны ары қарай да жалғастырмақпыз. Ағымдағы айдың ішінде төрт бағытта рейстерді ашудың нақты жоспарын белгіледік, осы орайда Варшава, Хельсинки, Будапешт қамтылмақ. Бұған қоса «Air China» алғаш рет Бейжіңнен Астанаға әуе сапарларын бастайды. Бұрындары тек «Эйр Астана» ғана ұшқан болатын»,-деді Ж. Қасымбек.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі бағдарларға аптасына 11 рейстің жиілігі қосылады. Бұл тұрғыда әуе компаниялары әлемнің бірқатар ірі қалаларына рейстерді көбейтпек.
«Жалпы, ЭКСПО кезеңінде қосымша 300 мың шетелдік меймандарды қабылдай аламыз, осыған Қазақстан өңірлерінен 160 мың адам қосылады. Жаңа рейстердің, жаңа әуежайдың пайда болғанын ескере отырып, жолаушыларға қызмет көрсетудегі мүмкіндіктер жоғарылады»,-деді Жеңіс Қасымбек.