АстанадаТМД мүше-мемлекеттерінің Үйлестіру көліктік кеңесінің ХХХІ отырысы өтті
деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.
Отырысты аша отырып, ҮКК ТМД төрағасының орынбасары Беларусь Республикасының көлік және коммуникация министрі Иван Щербо Достастықтың 20 жылдықтағы жұмысының басты нәтижесі ТМД әр қатысушы елдерінің ұлттық мүдделеріне сәйкес келетін өзара тиімді ынтымақтастықты үдемелі дамыту үшін жағдайларды жасауы болып табылатынын атап өтті.
Отырыста ұйымдық мәселелер қаралды. ТМД мүше-мемлекеттерінің Үйлестіру көліктік кеңесі төрағасының орынбасары болып ҚР көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев сайланды.
Қазақстанның көлік ведомствосының басшысы Б. Камалиев отырыста «Тәуелсіз мемлекеттер достастығы қатысушы елдерінің халықаралық көлік ағаны жүйесіндегі Қазақстанның стратегиялық маңыздылығы туралы» тақырыбында баяндама жасады.
ҮКК ТМД қатысушы елдеріне отырыс кезінде «Хоргос» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында Еуропадан Азияға жүктерді қалыптастыру үшін терминалдар құрылысына қатысу ұсынылды.
Сонымен қатар, министр Б. Камалиев ҮКК ТМД атқарушы комиссияның төрағасы Шыңғыс Шамилұлы Измайлов мырзаға және ҮКК ТМД атқарушы комиссияның қызметкерлеріне осы отырысты дайындау мен өткізуге көмек көрсеткендері үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, барлығына қызықты талқылаулар, ақпарат пен өз ойларымен жемісті алмасу, сонымен қатар, көлікті дамытуда өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін жігерді біріктіруді тіледі.
ҚР көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев баяндамасында бүгінгі күні ТМД оның қатысушы мемлекеттері арасында өзара әрекетті нығайтуда және сауда-экономикалық байланыстарды өзара кеңейтуде маңызды үлес қосып жатқан беделді халықаралық интеграциялық бірлестіктердің бірі екенін атап өтті.
Халықаралық сауданың трансұлттық жүк ағынын арттыру кезінде ұлттық көлік жүйесінің өзара бейімделуін қажет етеді.
Қазақстан ТМД шеңберінде көлік саласында бар ынтымақтастықты дамытуды қолдайды және ТМД мүше-мемлекеттерінің ортақ көлік кеңістігінің қызмет етуін қалыптастыру және қамтамасыз ету бойынша іс- шаралар кешенін жасау мен іске асыруда қызығушылық танытуда.
Еуропа мен Азия арасында көп нұсқалы қатынас жолдарын құру еуроазиялық құрлықтың барлық елдерінің мүдделеріне сәйкес келеді. Үдемелі инновациялық-индустриалды даму бағдарламасы шеңберінде 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымын дамыту жөнінде бағдарлама іске асырылуда. Бағдарлама бойынша 60-тан аса инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жоспарлануда, соның ішінде, автожол саласында 28 жобаны іске асыру. Бағдарламаны іске асыруға бөлінген жалпы қаражат көлемі 2,8 триллион теңгені (19 млрд.АҚШ доллар) құрайды, соның ішінде, республикалық бюджет есебінен 1,1 миллиард теңге (7,5 млн. АҚШ доллары).
Б. Камалиев қазіргі таңда қабылданып жатқан шаралар саланың одан әрі дамуына мүмкіндік беретініне және Еуропа мен Азия елдері арасында сенімді көліктік байланыстарды қамтамасыз ететініне сенімін білдірді. ТМД елдерінің көлік саласындағы одан әрі белсенді ынтымақтастығы бәрімізге көлік саласында келісілген саясатты сақтап қалуға және жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл ТМД шеңберінде өзара сауданы да және алыс шетелдермен де сауданы дамытуға қажет. Өз кезегінде бұл біздің мемлекеттеріміздің экономикасын жаңа өсу және гүлдену деңгейіне шығаруға мүмкіндік туғызады.
Отырыста 15 мәселе қаралды. Оның ішінде, ТМД мүше-мемлекеттерінің Үйлестіру көліктік кеңесінің келесі ХХХІІ отырысын өткізу орны туралы мәселе қаралды.
Отырыста түрлі мемлекеттердің бірқатар басшылары «ТМД құрметті көлікшісі» медалімен марапатталды.