Астанаға АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары бастаған американдық делегация келеді

АСТАНА. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат - Шілденің 9-10-ы күндері Астанаға АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Уильям Бернс келеді, ол ел басшылығымен кездесулер өткізеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастық перспективалары, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ядролық қаруларды таратпау, Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және өзара мүдделі басқа да мәселелер талқыланады.   

Соңғы жаңалықтар