Астанаға алаяқтық үшін халықаралық іздеуде жүрген адам жеткізілді

АСТАНА. KAZINFORM - 2026 жылғы 2 қазанда ҰҚК ҚР ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросымен өзара әрекеттесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен халықаралық іздеуде болған ҚР азаматын шетелден Астана қаласына жеткізді.

Астанаға алаяқтық үшін халықаралық іздеуде жүрген адам жеткізілді
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған тұлға аса ірі мөлшерде алаяқтық әрекет жасағаны үшін күдікке ілініп, 2021 жылдан бері сот төрелігінен жасырынып жүрген.

экстрадиция
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды.

-Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды,-делінген хабарламада.

Осыған дейін шетелден көлік әкелемін деп 106 млн теңгені иемденген күдікті Ресейден экстрадицияланғаны туралы жаздық.

экстрадиция
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі