Астанаға бір жылда 100 мыңға жуық қытайлық турист келген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы бір жыл ішінде Астанаға 100 мыңға жуық қытайлық турист келді. Бқл туралы Хабар 24 хабарлайды.
None
None

Елордамыз қарқынды дамып, туризм орталығына айналды. Сала мамандарының айтуынша, бұған Астанада жиі ұйымдастырылатын ауқымды шаралар мен форумдар өз септігін тигізсе керекті. Еңселі елордамыздың туристер арасында тартымдылығын тағы қалай арттыруға болады? Сәнмира Сейілханқызы бірнеше жыл бойы Астанада экскурсия жетекшісі болып жұмыс істейді. Қытай тілін жетік меңгерген ол үнемі Аспанасты елінен келген қонақтарды қарсы алып, елорда тарихымен таныстырады.

«Астана - әлемдегі ең жас қала, жас астана. Сол арқылы сөзді бастаймыз күтіп алғанда. Астананың тарихын, бет бейнесін қызығып тыңдайды. 131 ұлт бірге тұрып, соншалықты ынтымақта екендігіміз, Президентімізді жақсы көретіндігіміз оларды өте қызықтырады. Қоғамы орнықты елге, әрине, қайта қайта келгісі келеді. Кітапхана, Президент кітапханасы, Бәйтерек әңгімесі қызықтырады», -дейді экскурсия жетекшісі Сәнмира Сейілханқызы.

Былтырдың өзінде көрші мемлекеттің 100 мыңға жуық азаматы Астанамызды көруге арнайы келген. Сондай-ақ елорданың тыныс-тіршілігі және көрікті жерлері Ресей, Германия, АҚШ елдерінің туристерін де қызықтырады. 2020 жылға дейін қала әкімдігі шаһар қонақтарының саны 2 миллионға жетеді деп жоспарлап отыр.

«20 жылдың ішінде Астанамыз үлкен дәрежеге жетті. Туристік инфрақүрылым, транспорттық, логистикалық жылдан жылға дамып тұр. Нарықта үлкен қонақүйлер бар. Шетелдік байланыстар нығайып жатыр. 70 шақты мемлекетпен визасыз режим ұйымдастырылды. Қытаймен туристік қарым-қатынасты нығайту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. 14 маусымда қазақ түні мерекелік шарасын өткіземіз .Қаззақстанның тарихын, мәдениетін, шетелдік туристік компанияларға көрсетеміз», -деп атап өтті елордалық туризм қауымдастығының президенті Әйгерім Мұхамеджанова.

Қазір Астанада экскурсия жүргізетін 65 гид бар. Туризм қауымдастығы олардың реестрін жасап, мамандарға барынша жәрдем беріп келеді. Қазір олар арнайы куәлік алып, барлық туристік нысандарға ақысыз кіре алады. Жергілікті гидтер қала қонақтарына экскурсияның 10-12 түрін ұсынуға әзір.

«Бізде 5 сағаттық экскурсиялар бар. Кейде туристер Астананы күні бойы аралағысы келеді. Әрине, көбі EXPO мұражайын көруге асық. Қазақ халқының тарихы ешкімді бейжай қалдырмайды. Біз меймандарды ұлттық музейдегі киіз үйді көруге алып барамыз. Туристердің басым бөлігі елордамыздың қысқа мерзім ішінде соншалықты әдемі әрі дамыған қалаға айналғанына таңғалып жатады», - деді туристік компания директоры Айсұлу Іргебаева.

Соңғы уақытта тек кәсіби мамандар ғана емес, қала тұрғындарының өзі де шаһардағы туризмді дамытуға атсалысып жатыр. Жастар шетелде кеңінен тараған тәжірибені осында енгізіп, өз баспаналарын шетелдік қонақтарға тегін беріп өзара алмаса алады. 

Соңғы жаңалықтар