Астанаға БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі М. Енчи сапармен келеді

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Наурыздың 2-сі мен 4-і аралығында Қазақстанға Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысының арнайы өкілі, БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Превентивтік дипломатиясы жөніндегі өңірлік орталығының басшысы, елші Мирослав Енчи келеді.
None
None
Бүгін Астанадағы брифингте бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «М, Енчидің қазақстандық тараппен келіссөздері барысында БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Превентивтік дипломатиясы жөніндегі өңірлік орталығының ағымдағы жылғы жобаларының жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ осы орталықтың Қазақстанмен біздің елдің ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасайтын кезеңдегі ынтымақтастығы мәселелері талқыланатын болады», делінген министрліктің таратқан баспасөз хабарламасында.
Соңғы жаңалықтар