Астанаға келген Голливуд актері Скотт Эдкинс: тағамдар өте дәмді

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада өтіп жатқан Comic Con Astana-2025 гик-фестиваліне Голливуд актері Скотт Эдкинс келіп, жанкүйерлерімен кездесті.

Астанаға келген Голливуд актері Скотт Эдкинс келді
Фото: Comic Con Astana-2025

Comic Con Astana-2025 фестиваліне екі күннің ішінде 29 000-ға жуық адам қатысты. Оның ішінде Голливуд жұлдыздары, атақты косплейерлер, миллионнан астам оқырманы бар блогерлер, бейне ойындар, манга, комикстер және тағы сол сияқты танымал адамдар бар. Бүгін басты жұлдызды қонақ, Голливуд актері Скотт Эдкинс болды.

Астанаға келген Голливуд актері Скотт Эдкинс келді
Фото: Comic Con Astana-2025

Скотт Эдкинсті жанкүйерлер «Неоспоримый» фильмдер сериясындағы Юрий Бойко рөлі, сондай-ақ «Джон Уик 4», «Доктор Стрэндж», «Ип Ман 4» фильмдері арқылы жақсы таниды.

Актер жанкүйерлермен кездесуде алдымен Астанадағы Comic Con фестивалінің басқа елдерде өткен іс-шаралармен салыстырғанда жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Сонымен қатар ол Астана туралы да жылы пікір білдірді.

Астанаға келген Голливуд актері Скотт Эдкинс
Фото: Comic Con Astana-2025

- Қала өте әдемі. Маған көрікті жерлер, музейлерді көрсетіп, шағын тур ұйымдастырды, сосын мейрамханаға бардық. Мұндағы тағамдар да өте дәмді. Маған сондай-ақ адамдардың мені қалай қарсы алғаны қатты ұнады, - дейді ол.

Жанкүйерлер актерден сүйікті фильмдері мен комикстері, сомдаған және сомдағысы келетін кейіпкерлер туралы сұрады. Жұлдыз әртіс өз кезегінде «Неоспоримый» фильміндегі Юрий Бойко рөліне ерекше назар аударды және ол рөл Скотт Эдкинс үшін кино әлеміне жол ашқан кейіпкер.

Астанаға келген Голливуд актері Скотт Эдкинс
Фото: Comic Con Astana-2025

- Мен Астанаға келгенде, әуежайда соққы күшін тексеретін аппарат тұрды. Ал құрылғының жан-жағында Юрий Бойконың суреті жапсырылған екен. Мен бұл суреттерді көріп: «Құдайым-ау, бұл мен ғой!» дедім. Шынымды айтсам, Бойко тек зұлым адам ғана емес, ол ардың адамы. Мен оны мықты күрескер ретінде көрсетіп қана қоймай, оның мінезін толық ашып көрсетуге тырыстым, - деп атап өтті Скотт Эдкинс.

Айта кетейік, елордада үш күн қатарынан Comic Con Astana өтіп жатыр. Гик-фестиваль - комикс, кино, ойын және поп-мәдениетті сүйетіндер үшін креативті индустрияның маңызды оқиғасы және Орталық Азиядағы ең ірі және ең танымал іс-шара ретінде танылды.

 

Соңғы жаңалықтар