Астанаға Жамбыл облысынан 16,4 мың тонна азық-түлік жеткізілді

ТАРАЗ - АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астанада Жамбыл облысының мәдени күндері өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде елорда тұрғындары мен қонақтарын Жамбыл облысының азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында облыстан 16,4 мың тонна тауар жеткізу жоспарланып отыр. Олардың 3,4 мың тоннасы жәрмеңкелер арқылы сатылымға шығады. Сүт және шұжық өнімдерін өндірушілер тауарларын сатуды Астанадағы ресми өкілдер арқылы жүзеге асырады. Тауарлардың қалған бөлігі - 12,3 мың тонна тауар өтініштер беру арқылы облыс қорын қамтамасыз ететін болады.

«Маусым айынан қыркүйек айына дейін Астанада Жамбыл облысының 6 көрмелік жәрмеңкелері өткізіліп, онда 3 мың 411 тоннадан тұратын негізгі азық-түліктің 18 түрі ұсынылмақшы. 10-11 маусым және 1-2 шілде күндері елордадағы «Қазақстан» спорт кешенінің алдында Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің екі жәрмеңкесі өткізілді. Онда 353,4 тонна тауар 286,8 млн теңгеге өткізіліп, базардағы бағадан 10-20%-ға арзандатылып сатылды.

«29-30 шілде, 19-20 және 26-27 тамыз күндері, сондай-ақ, 9-10 қыркүйек күндері де жәрмеңке өткізіледі деп жоспарланып отыр», - дейді Жамбыл облысы әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Нұржан Нұржігітов.

Соңғы жаңалықтар