Астанаға жылу қашан беріледі

АСТАНА. KAZINFORM – Жаздың соңғы күндері жаңбырлы болып, қыркүйекте күн суыта бастады. Бұл ретте, елордалықтар бір-бірінен жылудың қашан берілетінін сұрап жатқаны анық.

жылу
Фото: Алина Тулеубаева/Kazinform

«Қазгидромет» РМК мамандарының айтуынша, түнде термометрлер қазірдің өзінде 5-7 градусқа дейін төмендеген. Сонымен, жылу қашан беріледі? Бұл сауалға Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі жауап берді.

«Жылу беру маусымы Астана қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес басталады. Атап айтсақ, сыртқы ауа температурасының белгіленген орташа тәуліктік температурасы бес күн бойы 10 градус және одан төмен болса жылыту маусымы басталады деген сөз», - деді Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі өкілдері.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін еліміздегі жылу орталықтарындағы апаттардан кейін жағдай қаншалықты түзелгенін зерттеп көрген едік.