Астанаға жұмыс іздеп кеткен шымкенттік жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Астанаға жұмыс іздеп кеткен шымкенттік жігіт із-түзсіз жоғалып кетті. 19 жастағы Ушан Әбдіхалықты іздеп 60 жастағы анасы полицияға арызданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі өңірдің ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанаға жұмыс іздеп кеткен шымкенттік жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

Анасының айтуынша ұлы осы жылдың наурыз айында Астанаға кеткен. Жұмыс тауып, табыс таппақ болған екен. Алайда содан бері хабарласпапты. 

Белгілері: бойы 170 см, шағын денелі, шашы қара, көзі қара-қоңыр. 

Қазіргі таңда оны Қаратау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері іздестіруде.

Ушан Әбдіхалықты жайлы мәлімет білетіндерден  болса 8-702-875-40-80, 8-777-696-44-99,  8-7252-47-60-02  немесе  «102» нөміріне хабарласу сұралады.