«АстанаИнвест-2010» форумы Қазақстанның елордасында бизнес жүргізудің экономикалық, құқықтық және басқа да шарттарын зерттеуге мүмкіндік береді
Бұл туралы елордалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлап отыр.
Қала экономикасына отандық және шетелдік инвестициялардың ағымын әрі қарай ынталандыруға және инвестициялық климатты жақсартуға, Астана - Қазақстанның елордасы» брендін қалыптастырып, оны әлемдік нарықтарға кеңінен таныстыруға бағытталған бұл шарада ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, Премьер-Министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов баяндама жасайды деп күтілуде. Сондай-ақ, форумның негізгі спикерлерінің қатарында - ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Ж.Айтжанова, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы Т.Жақсылықов, Highvill компаниясының бас директоры Ким Ин, «Lior Corporation» компаниясының президенті Давид Бен Нани, «Интеко» ЖАҚ инвестициялық-құрылыс корпорациясының президенті Елена Батурина бар.
Форумға 500-ден астам делегат қатысады деп күтілуде, олардың қатарында Еуропа, АҚШ, Оңтүстік-Шығыс Азия және Парсы шығанағы елдерінің қаржы сарапшылары бар.
Елордалық әкімдік Форумды Қазақстан Үкіметінің қолдауымен және тікелей атсалысуымен ұйымдастырып отыр.