«Астанақаласәулет» еуропалық беделді сыйлықпен марапатталды

Елорданың құрылыс саласы активінің жиналысында сөйлеген сөзінде Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун бұл жағдай кәсіпорын жетістіктерін маңызды қуаттау болып табылатынын атап өтті, бұл Астанада үздік әлемдік стандарттарға сәйкес келетін үйлесімді сәулеттік-қала құрылысының дамуының белгісі.
Еуропалық бизнес-ассамблеясы EBA The Prime Business Destinations аясында «Астанақаласәулет» ЖШС «Flag of Europe» халықаралық туын және инвестициялық тартымдылық сертификатын, сонымен қатар ерекше сапа белгісі мен Prime QUALITY Standard лицензиясын табыстады. Кәсіпорынға берілген Prime QUALITY Standard лицензиясының мерзімі - 5 жыл.
ЕВА сарапшылық кеңесі кәсіпорынды ЕВА Prime QUALITY Standard лицензияланған реестріне енгізді, сондай-ақ, сапалы және бәсекеге қабілетті өнімдер, технологиялар мен қызметтер жабдықтаушысы ретінде ЕВА ықпал ету мемлекеттерінде жарнамалық-ақпараттық қолдау көрсетеді. Бұдан басқа, «Астанақаласәулет» ЖШС директоры Қасымбек Әйтімовке Internacional Club Leaders (Халықаралық көшбасшылар клубы) мүшесінің сертификаты табысталды.
2015 жылы «Астанақаласәулет» ЖШС ІІІ Халықаралық GIS-Forum форумында «Астана қаласының Кезекшілік жоспары» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» жобасы үшін «Жерді қашықтықтан барлауда ғарыштық деректерді пайдаланумен ең үздік аймақтық инновациялық жоба» аталымында байқау жеңімпазы атанды.
Ал 2013 жылы Еуропалық бизнес-ассамблеясы Лондонда «Achievements-2013» Халықаралық Сократтық салтанатта «Астанақаласәулет» ЖШС өнімдері мен қызметінің сапасын бағалап «Best Еnterprise» («Үздік кәсіпорын») беделді еуропалық наградамен марапаттады.
Europe Business Assembly (ЕВА) - бизнес, экономика және ғылыми халықаралық қоғамдастық, әлемдік рейтингтік, консалтингтік, инвестициялық орталық.