Астаналық мұғалім 7 мың кітаптан биіктігі 8 метр болатын мұнара жасады

АСТАНА. KAZINFORM — Астанадағы № 12 жалпы орта білім беретін мектептің педагогі Жарқынәлі Ошаев жеті мың кітапты пайдаланып, ерекше арт-нысан жасады. Кітаптардан құрастырылған мұнараның биіктігі — 8 метр. 

Астаналық мұғалім 7 мың кітаптан биіктігі 8 метр болатын мұнара жасады
Фото: Астана әкімдігі

Астана әкімідігінің хабарлауынша, бұған дейін де қолөнер туындыларымен көпшіліктің назарын аударған ұстаз бұл жолы өзі еңбек ететін мектептің үлкен залында ерекше құрылым тұрғызған.

Астаналық мұғалім 7 мың кітаптан биіктігі 8 метр болатын мұнара жасады
Фото: Астана әкімдігі

Кітап мұнарасы ата-аналар мен оқушылардың қызығушылығын тудырған.

Астаналық мұғалім 7 мың кітаптан биіктігі 8 метр болатын мұнара жасады
Фото: Астана әкімдігі

— Туындының ерекшелігі — шексіздік әсерін қалыптастыруында. Залдың ортасына орнатылған мұнара сырт көзге бірнеше метрден аспайтындай көрінеді. Алайда оған жақындап, ішіне үңілген адам құрылымның ұшы залдың төбесінен әлдеқайда биікке созылып жатқандай әсер алады, — делінген хабарламада.

Астаналық мұғалім 7 мың кітаптан биіктігі 8 метр болатын мұнара жасады
Фото: Астана әкімдігі

Мұндай оптикалық иллюзия еден мен төбеге орнатылған айналардың көмегімен жасалған. Жарқынәлі Ошаев бұл туындысы арқылы кітаптың адамзатқа шексіз білім мен ақпарат әлеміне жол ашатынын көрсетуді мақсат еткен.

Астаналық мұғалім 7 мың кітаптан биіктігі 8 метр болатын мұнара жасады
Фото: Астана әкімдігі

Жобаны жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік талаптары да ескерілген. Ал мұнараға қажетті жеті мың кітапты мектеп мұғалімдері мен оқушылары жинап берген.

Еске салайық, бұған дейін Астанада Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 154 жыл толуына орай ерекше іс-шара өткенін жазған едік.