Астаналық оқушы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласындағы 38 мектеп-лицейінің 7 «Д» сынып оқушысы Бақтығали Ерланұлы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты, деп жазды елорда әкімдігінің сайты.

Астаналық оқушы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты
Фото: Астана әкімдігі

Әр нәрсеге қызығушылық танытып, қоғамдық ортаның тазалығына мән беріп жүретін елордалық оқушы үйдегі қоқыс жәшіктерін автоматтандырған. Яғни, жәшіктердің қақпақтары адам қолын жақындатқанда өздігінен ашылып, 5 секундтан кейін қайтадан жабылады. 

Астаналық оқушы ақылды қоқыс жәшігін ойлап тапты
Фото: Астана әкімдігі

- Мен қоқыс салғыштардың қақпақтарын қолмен ашу дұрыс емес деп ойлаймын. Себебі қақпақтағы көзге көрінбейтін микробтар адамның қолында қалып, ішкі ағзасына өтуі мүмкін. Осылайша қақпағы өздігінен ашылатын етіп жасадым, - дейді оқушы Ерлан Бақтығалиұлы.

Болашақта тілші болуды армандайтын оқушы ғылыми жаңалықтарды зерттеп, оны жариялауды қазірден үйреніп жүргенін айтады.

Бұған дейін ақтөбелік оқушы қауіп төнгенін хабарлайтын қосымша ойлап тапқанын жазған едік.