Астаналық шабандоздар Бүкілресейлік конкур жарыстарында 23 медаль қанжығалады

ЕКАТЕРИНБУРГ. KAZINFORM – Екатеринбург қаласында ат спортынан өткен «Весна Победы» Бүкілресейлік конкур жарыстары өз мәресіне жетті. «Арғымақ» ат-спортық сауықтыру кешенінің шабандоздары Астананың намысын абыроймен қорғап, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бұл туралы Қазақстанның ат спорты федерациясы мәлім етті.  

Астаналық шабандоздар Бүкілресейлік конкур жарыстарында 23 медаль қанжығалады
Фото: Қазақстанның ат спорты федерациясы

Қатысушылар 70-тен 130 см-ге дейінгі биіктіктегі кедергілерді, соның ішінде классикалық маршруттар мен кедергіден секіру кезеңдерін сәтті еңсерді. Спортшылар жоғары дайындық деңгейін танытып, қызу бәсекеде барлығы 23 жүлде жеңіп алды. Қоржында 12 алтын, 7 күміс, 4 қола бар.

Астаналық шабандоздар Бүкілресейлік конкур жарыстарында 23 медаль қанжығалады
Фото: Қазақстанның ат спорты федерациясы

— Азамат Хасенов «Мунфери», «Асуан» және «Изи» тұлпарларымен қатысып, 4 алтын, 4 күміс медаль жеңіп алды. Жалғасбек Сулейменқұлов «Лебедь» пен «Форвард» тұлпарларымен бірге 3 алтын, 2 күміс және 1 қола медальға ие болды. Жас шабандоз Әлішер Манар «Артист» тұлпарымен 4 алтын, 1 күміс, Сафина Байгужина 1 алтын, 2 қола медалға ие болды. Анель Хасенова мен сенімді серігі «Русская звезда» 3-ші орын — қола медаль жеңіп алды, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін хабарланғандай ат спортынан қазақстандықтар Ташкентте өткен ірі турнирлерде сәтті өнер көрсеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар