Астаналық шабандоздар ел чемпионатында қола жүлдегер атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласы көкпардан ересектер арасында Қазақстан чемпионатының қола жүлде еншіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астаналық шабандоздар ел чемпионатында қола жүлдегер атанды
Фото: Астана әкімдігі

Шымкент қаласында көкпардан ересектер арасындағы XXIV Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.

Бұл додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 180-нен астам көкпаршы қатысып, 15 команда құрап, 4 топқа бөлініп сынға түсті.

Әр топтан үздік шыққан командалар жартылай финалға жолдама алып, ақтық сында бақтарын сынады.

Астаналық шабандоздар ел чемпионатында қола жүлдегер атанды
Фото: Астана әкімдігі

Жеті күнге созылған дүбірлі бәсекеде Жамбыл облысының «Әулиеата» көкпар командасы өз рекордын жаңартып, тағы бір мәрте жеңіске жетіп, Қазақстанның 15 дүркін чемпионы атанды.

Шымкент қаласының командасы күміс медаль иегері болса, Астана қаласының көкпар командасы Қызылорда облысының көкпаршыларын 3:2 есебімен ұтып, үздік үштіктің қатарынан көрініп, ел чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Астаналық шабандоздар ел чемпионатында қола жүлдегер атанды
Фото: Астана әкімдігі

Сондай-ақ, чемпионат барысында шебер өнер көрсеткен жекпе-жек аттарының сайысы марапатталып, астаналық «Саян» сәйгүлігі чемпион атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сондай-ақ үздік өнер көрсеткен спортшылар Қазақстан Республикасы Көкпар федерациясының ақшалай сыйақысымен марапатталды. 

Айта кетейік, бұл дүбірлі дода — Қазақстан чемпионатының тарихындағы 24-ші мәрте ұйымдастырылған ел чемпионаты.

Осыған дейін Қостанай облысында көкпар кезінде ат шабандоздың үстіне құлап түскенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар