Астаналық жедел жәрдем фельдшері: кейде жалған шақыртулар болады

Астана
Фото: Kazinform/ Виктор Федюнин

АСТАНА. KAZINFORM – Талшын Юсуп Түркістан қаласының тумасы. Туған жеріндегі медициналық колледжді бітірген соң, еңбек жолын Астанадан бастаған. Қазір Сарыарқа аудандық жедел жәрдем қызметінде фельдшер болып жұмыс істейді.

«Дәрігер мамандығын бала кезімнен ұнатамын. Әжем жиі ауыратын, жәдел жәрдем көмек көрсетіп, әжемнің алғысын алғанда менде дәрігер болсам деп армандайтынмын. Салыстырмалы түрде түнде шақыру көп түседі. Себебі науқастардың көп жағдайда дене қызуы, құрысуы түнгі уақытта басталады. Күндізгі кезекшілікпен салыстырғанда түнде шақыртуға екі есе жиі шығамыз. Сенбі, жексенбі күндері жедел жәрдемді шақырту көбейеді, өйткені демалыс күндері емханалар жұмыс істемейді», — деді Талшын Юсуп.

Астана
Фото: Kazinform/ Виктор Федюнин

Жедел жәрдем қызметкерлері 2 күн (1 күн күндіз, 1 күн түнде) жұмыс істеп, 2 күн демалады.

Жедел жәрдем
Фото: Kazinform/Виктор Федюнин

«Жәрдемнің шұғыл жетуіне тағы бір кедергі — кептеліс. Барлық көшеде кептеліс деп айта алмаймын, дегенмен үлкен даңғылдарда көлік кептелісі бар. 1-ші және 2-і санаттағы жедел шақыртуға барғанда дабыл жүйесі қосылады. Жедел жәрдем 4 санатқа бөлінеді. Бірінші, жедел жәрдемге аса мұқтаж жағдай, ол кезде 10 минутқа дейін жетуіміз керек. 2-і санаттағы шақыртуға 15 минутқа дейін жетуі тиіс. Үшінші деңгейге 30 минутта, ал төртінші деңгейдегі жедел көмекке 1 сағат шамасында баруға міндеттіміз», — дейді ол.

жедел жәрдем
Фото: Kazinform/Виктор Федюнин

Оның айтуынша, кейде жалған шақыртулар да болады. Яғни жедел жәрдемді шақыртады, дәрігерлер жеткенде медициналық көмектен бас тартады.

Астана
Фото: Виктор Федюнин

«Әр адам әртүрлі, сол сияқты науқастардың жағдайы да, өзін ұстауы да әртүрлі. Басты талаптың бірі — науқаспен жанжалдаспау. Егер пациент шектен шықса, істің мән-жайын аға дәрігерге жеткіземіз. Біздің жұмыста ең бастысы мамандығын ұнату, қызығушылық болмаса жұмыс өнбейді, екінші маңызды сәт ол жылдамдық, шұғыл әрі нақты шешім қабылдай білу», — деді фельдшер.

Соңғы жаңалықтар