Астаналықтар Ресей елшілігінің алдына гүл шоқтарын апарып жатыр

Гүл
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Елорда тұрғындары қаладағы Ресей Федерациясының елшілігіне гүл шоқтарын қойып, көңіл айту жазбасын қалдыруда. Бұл туралы елшіліктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Мәскеудегі террористік актіге байланысты көңіл айтқысы келетіндер көбейді. Сондықтан Ресейдің Қазақстандағы елшілігі Көңіл айту кітабын ашты. Көңіл айту бұрышы Жұмабек Тәшенов көшесі тарапынан Елшіліктің консулдық бөліміне кіре берісте орналасқан», - деп хабарлады елшілік өзінің ресми сайтында.

Көңіл айту кітабы 23 наурыз сағат 18.00-ге дейін ашық болады.

Адлет Беремкулов/Kazinform
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform

Бұған дейін хабарланғандай, белгісіз біреулер Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласындағы Крокус сити холл ғимаратында оқ жаудырған.

Адлет Беремкулов/Kazinform
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform

Куәгерлердің айтуынша, қылмыскерлер кешкі сағат 20:30 шамасында, концерт басталар алдында негізгі подъезд арқылы ғимаратқа кіріп, келушілер мен күзетшілерге бірден оқ атқан. Содан үш-төрт адам концерт залына кіріп, көрермендерді атып, «Молотов коктейльдерін» лақтыра бастаған. Осыдан кейін шабуыл жасағандар қашып кеткен.

Адлет Беремкулов/Kazinform
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform

Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі лаңкестік әрекеттен зардап шеккен 145 адамның біразының тізімін жариялады.

Адлет Беремкулов/Kazinform
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform

Қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан азаматтары үшін мына сенім телефоны бойынша жедел желі іске қосылды: 8 (925) 897-71-14.

Адлет Беремкулов/Kazinform
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform
Адлет Беремкулов/Kazinform
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform
елшілік
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform
Гүл шоқтары
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform

ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, Ресейдегі терактіде қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың болғаны туралы ақпарат жоқ.

Соңғы жаңалықтар