Астаналықтардың мазасын алған түнгі гуілдің себебі белгілі болды

мәйіт
Фото: әлеуметтік желіден

АСТАНА. KAZINFORM — 20 сәуірдің кешінде Астананың оң жағалауында біртүрлі гуіл естілді. 

Бұл жайында қала тұрғындары әлеуметтік желілерде жазып жатты. 

Жағдайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі түсіндірді.

«Жыл сайын жылыту маусымы аяқталғаннан кейін жылу электр орталықтарының жүйелерін үрлеу жұмысы жүргізіледі. Сондықтан 20 сәуір кешке ЖЭО-2-де жүйені осылай үрледі. Бұл технологиялық процесс станцияның дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет» деп хабарлады әкімдіктен. 

Соңғы жаңалықтар