Астаналық әскерилер ардагерін ардақтады
«Оған Ұлы Отан соғысының ардагері Михаил Куликов арнайы шақырылды. Аталған игі шараның мақсаты - әлеуметтік-құқықтық оң ахуалдың қалыптасуына ықпал ету, осындай айтулы мереке күндері ардагерлерді ұмытпай, жастарға қарттардың жауынгерлік ерліктерін насихаттау. Жастарды отансүйгіштікке, антқа адал болуға тәрбиелеу.
Іс-шара еліміздің әнұранымен ашылып, әскери-патриоттық тұрғыдан тәлім-тәрбиесі мол рухани құндылықтар туралы әңгіме өрбіді, Астана туралы бейнеролик көрсетіліп, альбомдар таратылды»,-делінген ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінде.
Ардагер Михаил Куликов Ақмола облысы құрылған сәттен бастап осы уақытқа дейінгі кезеңдегі Астана тарихын әңгімеледі, Ақмола облысынан майданға аттанған азаматтар, олардың ерліктері туралы мол ақпарат берді. Жеке құрамды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, өмірінің естеліктерінен сыр шертті.
Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Бақтияр Пернебеков дөңгелек үстелге қатысқан қонақтарға «Астана» кітабын табыс етті.