Астаналық «Барыс» мәскеулік «Динамо» командасын өз айдынында айқын басымдықпен ұтты

АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше кешқұрым Құрлықтық хоккей лигасы аясында астаналық «Барыс» мәскеулік «Динамо» командасын өз айдынында айқын басымдықпен ұтты.
None
None

Атап атқанда, осы тартыста жақсы ойын өрнегімен елордалық команданың қақпашысы Виталий Еремеев көзге түсті. Ол қонақтардың оқытын-оқтын шабуылдарына қарамастан қақпаны қорғауға бар күш-жігерін салды. Нәтижесінде, «Динамо» хоккейшілері елордалықтарға 1 ғана шайба салу мүмкіндігіне қол жеткізді. Ал «Барыс» командасы бұл тартысты додада қонақтардың қақпасына 5 шайба салып, өз айдынында қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты.

ҚХЛ аясында «Барыс» хоккейшілері келесі ойынын «Торпедо» командасымен елордадағы «Қазақстан» спорт сарайында 27 желтоқсанда өткізеді.

Соңғы жаңалықтар