«Астаналық базар» маңындағы төбелеске қатысты жалған ақпарат таратқан адам ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының ІІД қызметкерлері ағымдағы жылдың 16 маусымында «Астаналық базар» СҮ («Артем») жанында болған оқиғаға қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша 1 шілдеде «Т» атты 1964 жылы туған азаматты ұстады.

«Астаналық базар» маңындағы төбелеске қатысты жалған ақпарат таратқан адам ұсталды

Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.

Анықталған дәлелдерді ескере отырып, күдіктінің әрекеті ҚР ҚК-нің 274-бабымен (бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, көрінеу ақпарат тарату) қаралады.

3 шілдеде Алматы аудандық соты қамауға алу бұлтартпау шарасын қолданды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Көрінеу жалған ақпарат таратудың жолын кесу жұмысы астаналық ІІД-нің қатаң бақылауында.