Астаналық Бейбітшілік және келісім сарайында қайырымдылық концерт өтеді

АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Бүгін астаналық Бейбітшілік және келісім сарайында «Өмір үшін» акциясы аясында қайырымдылық концерт өтеді.
None
None

Оған Ернар Мыңтаев басқаруындағы Ғ.Жұбанов атындағы Мемлекеттік шекті квартеті, Романовтың A'capella Band хоры және танымал эстрада жұлдызы Батырхан Шүкенов қатысады.

Концерттен түскен қаржы аса ауыр өкпе ауруымен ауыратын 27 жастағы астаналық азаматша Әсел Құрманғалиеваның емделуіне жұмсалады.

«Өмір үшін» акциясы аясында өзгенің қайғысына қабырғасы қайысатын адамдар, әріптестер мен жолдастардың көмегімен шамамен 15 000 еуро жиналды. Қайырымдылық концертті ұйымдастыру да Әселге көмектесу үшін операцияға қаржы жинау үшін жасалып отыр», - делінген «Болашақ» бірлестігі таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар