Астаналық бұзақы полиция қызметкеріне шабуыл жасады
АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - Астана станциясы ЖІІБ темір жол вокзалындағы желілік полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне мас күйінде 1987 жылғы К. есімді азамат жеткізілді. Ол қызметкерлер тарапынан жасалған ескертулерге назар аудармай, балағат сөйлеп, тіпті полиция қызметкерінің иығындағы погонын жұлып алған.
Бұл туралы Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Айыпталушының үстінен ҚР ҚК 321-бабының 1-бөлімі «Өкімет өкіліне қатысты күш қолдану» бойынша қылмыстық іс қозғалды.