Астаналық цирк мүмкіндігі шектеулі балаларға мерекелік бағдарлама сыйлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана циркінің әртістері қала тұрғындары мен қонақтарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Әуе акробаттары мен гимнастшылардың баурап аларлық нөмірлері, үйретілген аңдардың өнері, шоу-балет пен көңілді сайқымазақтар көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Мерекелік бағдарламаның шымылдығын әуе гимнастшылары ашты, әртістер цирк күмбезінің астында акробаттық элементтерді орындады. Сондай-ақ көрермендер көгершіндер мен үйретілген жануарлардың қатысуымен қойылған қойылымдарды тамашалады. Ал сайқымазақ болса, балалар мен ата-аналардың көңілін көтерді. Елордалық акробаттардың әуедегі «Байқоңыр» өнер қойылымы көрермендердің зор қошеметіне бөленді. Айта кетейік, цирк бағдарламасын тамашалауға көп балалы отбасылардан шыққан балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар шақырылды.

Соңғы жаңалықтар