Астаналық гараж ұрлап, металл қабылдайтын орынға сатып жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана тұрғыны гараж ұрлап, металл қабылдайтын орынға сатып жіберген. Бұл жайында Астана қалалық сотының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астаналық гараж ұрлап, металл қабылдайтын орынға сатып жіберді

«2017 жылдың 27 қарашасында азамат «А» манипулятор көлік шақырып, ішінде техникалар мен бұрын қолданылған заттар бар металл гаражды тиеп әкеткен. Азамат «А» қылмысын одан ары жалғастырып, гаражды металл қабылдайтын орынға сатып жіберген. Осылайша ол гараж иесіне 500 мың теңге сомасында материалдық шығын келтірді», - делінген таратылған ақпаратта.

Сот барысында зардап шегуші тарабынан келген шығын толықтай өтелген.

«Медиация тәртібімен мәмілеге қол жеткізілді. Осыған байланысты Астана қаласы Сарыарқа аудандық №2  сотының қаулысымен қылмыстық іс өндірісі тоқтатылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ», - деп атап өтеді қалалық соттың баспасөз қызметі.