Астаналық колледж студенттерінің шәкіртақысы өседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында колледж студенттерінің шәкіртақысы өседі. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен «Әлеуметтік әлеует - Астана айбары» атты кеңес барысында мәлім болды.
None
None

«Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында, колледждерде оқитын студенттердің шәкіртақысының мөлшерін арттыруға шамамен 570 млн. теңге бөлініп отыр. Бұдан бөлек, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында мамандар даярлауға қатысты мемлекеттік тапсырысты арттыруға 315 млн теңге қарастырылып отыр. Ал колледждердің оқу-өндірістік шеберханаларындағы жабдықтарға, зертханаларға 50 млн. теңге бағытталатын болады», - деді кеңес барысында ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

Айта кетерлігі, бүгінгі әлеуметтік кеңес тақырыбындағы шара аясында Астана қаласы әкімдігі мен бірқатар мемлекеттік орталық органдар арасында меморандумдар жасалған болатын. 2015-2017 жылдарға арналған меморандумның бір бағыты білім беру саласын қамтып отыр.

Соңғы жаңалықтар