Астаналық команда қар үстіндегі шөгеннен халықаралық турнирдің жеңімпазы болды

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Алматы облысында ат үстіндегі шөген бойынша Almaty snow polo Cup халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстанда тұңғыш рет өткен жарыста "Astana Polo Club" командасы жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның шөген федерациясына сілтеме жасап.  
None
None

Жарыстың үш күнінде елордалық команда бес ұпай жинап, финалға шықты. Ақтық сында Аргентинаның "Polo Match Club' командасын 8:3 есебімен ұтты.

Жалпы, турнир барысында астаналықтар Cosmo Polo Club-ты (Швейцария) 4:1, Minuch Polo Club-ты (Германия) 10:2 есебімен жеңді, ал Polo Match Club командасымен (Аргентина) 6:6 есебімен тең түсті.





Соңғы жаңалықтар