20:01, 19 Қараша 2022 | GMT +5
Астаналық құтқарушылар су ортасында қалған құсты құтқара алмады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жедел құтқару жасағының көлігі Астанадағы «Марал» көпірінің астында қалған құсты құтқара алмай кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілші.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспаөз қызметі «Марал» көпірінің астындағы аққудың жағдайы туралы» деген тақырыппен видео таратты. Видеоны түсіруші адам бүгін кешкі сағат 18.47-де жедел құтқару жасағының мамандары су ортасында қалған құсты құтару мүмкін емес екенін айтып, кері қайтқанын баяндайды. Кадр сыртындағы дауыс құстың аққуға ұқсайтынын, ал құтқарушылар оны қазға ұқсатқанын айтады.
«Мұз жұқа болғандықтан, құтқарушылар құсқа жақындай алмады. Қараңғы түскен кезде жұқа мұзға шығу мүлде қауіпті екенін алға тартқан құтқарушылар құсты су ортасына қалдыруға мәжбүр болды», - дейді ол.
Еске салсақ, кешеден бері әлеуметтік желіде Астана аумағында суықтан қорғанатын пана таппай қалған құстар туралы видеолар тарап жатыр.