Астаналық полицейлер 1,8 мыңға жуық тыйым салынған аудиовизуалды өнім тәркіледі

АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін елордада полиция қызметкерлері «Контрафакт» операциясы барысында DVD/CD форматындағы 1765 контрафактілі өнім мен 15 порнографиялық белгілері бар дискі тәркіледі. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Ішкі істер департаментінен хабарлады.

Астаналық полицейлер 1,8 мыңға жуық тыйым салынған аудиовизуалды өнім тәркіледі

«Контрафакт» жедел-алдын алу іс-шарасы Астанада 22-24 қазанда аудиовизуалдық өнімді заңсыз сату фактілерін анықтау және алдын алу мақсатында өткізіледі.

Іс-шараның бірінші күні полицейлер ақпараттық технологиялар саласында 6 қылмыс тіркеді. Айта кетейік, елордалық полицейлер Әділет департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп 5 рейд өткізіп, аудио-бейне өнім сататын 8 пункт пен 1 компьютерлік клубты, интеренет-кафе мен компьютерлік техника сататын 1 фирманы тексерді.