Астаналық полицейлер халықаралық іздеу жарияланған қылмыскерді қолға түсірді

АСТАНА. 23 шілде. ҚазАқпарат - Астанада 19 жыл бұрын Әзербайжан Республикасы аумағында кісі өлтірген қылмыскер ұсталды,

Астаналық полицейлер халықаралық іздеу жарияланған қылмыскерді қолға түсірді

деп хабарлайды astana.kz сайты қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қалалық полицейлер ҚР ІІМ қызметкерлерімен бірлесіп, қасақана кісі өлтіргені үшін (Әзербайжан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 120 б.2 б.1,5т.) ұзақ жылдар бойы халықаралық іздеуде болған 1968 жылы туылған Әзербайжан Республикасының азаматын ұстады»,- делінген таратылған ақпаратта.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыскер Астана қаласының ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Қазіргі уақытта Минск конвенциясы мен Халықаралық келісімдерге сәйкес оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.