Астаналық полицейлер тәулік ішінде 100-ге жуық қылмыстың бетін ашты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда полицейлері бір күннің ішінде 99 қылмыстың бетін ашты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Данияр Оралов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астаналық полицейлер тәулік ішінде 100-ге жуық қылмыстың бетін ашты

«Өткен апта ішінде елорда аумағында 137 қылмыс тіркелді. Оның 99-ы ізін суытпай тәулік ішінде ашылды. Атап айтқанда, 1 адам өлімі фактісі, 3 денсаулыққа ауыр зиян келтіру, 16 алаяқтық іс және 1 ұрлық жасау. Сондай-ақ, 29 өзгенің меншігін қолды ету және 21 есірткі қылмысымен байланыс», - деді Данияр Оралов баспасөз мәслихатында.

Департамент өкілінің айтуынша, апта ішінде тұрғындардан 102 желісіне 12 мыңнан астам қоңырау келіп түскен.

«Сонымен қатар өткен аптада 592 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 13 зардап шегіп, 1 адам көз жұмды», - дейді ол.

Осы орайда Полиция департаменті астаналықтарды жолда абай болуға шақырады.