Астаналық полиция қызметкерлері велосипед ұрлады деген күдікпен ер адамды ұстады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық полиция қызметкерлері велосипед ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады. Бұл туралы елордалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Астаналық полиция қызметкерлері велосипед ұрлады деген күдікпен ер адамды ұстады

Алматы аудандық ІІБ-на велосипед ұрлығы бойынша азаматтардан бірнеше арыз келіп түсті. Жедел-іздестіру шараларын барысында 31 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Бұрын-сонды ол осындай қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жазаға тартылған болатын. Ұрлықты көбінесе көп қабатты үйлердің ауласынан, дүкен маңынан жасаған. Ұрланған мүлікті кездейсоқ адамдарға немесе базарларда сатқан.

Солайша, ол 16-дан астам велосипед ұрлаған болып шықты. Қазіргі кезде ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша қамау изоляторына қамауға алынды.

Сонымен қатар, ұсталғанның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.