Астаналық полиция қызметкерлері жезөкшелікпен айналысуға берілген 16 пәтерді анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әкімшілік учаскені тексеру кезінде жезөкшелікпен айналысуға берілген пәтер анықталды. Аталмыш факт бойынша пәтер иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 450 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту және 150 АЕК көлемінде айыппұл салынумен әкімшілік материал жиналды.
None
None

Осылайша ағымдағы жылдың 22-23 шілдесі аралығында вокзал маңы аумағын тексеру барысында елордалық полиция қызметкерлері ҚР ҚК 309 бабы (жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеулерді бірыңғай тіркеуіне жеңгетайлықтың екі фактісін тіркеді. Астана қаласы ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасына 52 адам жеткізіліп, тіркеу базасы бойынша тексерілді, деп хабарлайды Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

«Сарыарқа» аудандық ІІБ полиция қызметкерлері қоғамдық орындар мен көшелерде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында аумақтарда күн сайын сауда орындары, базарлар мен вокзалдарда жұмыстар жүргізеді. Жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК 449-бабы (қоғамдық орындарда тиісу) бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтың 727 фактісі анықталды. Солардың ішінде ҚР ӘҚБтК 449-бабы 1 б. (қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын адам жасаған, сондай-ақ бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіру) бойынша 704-факті анықталып, 7 млн. теңгеге жуық сомада айыппұл салынды. ҚР ӘҚБтК 449-бабы 2 б. (әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер) бойынша 20 факт анықталып, соның ішінен 13 қамау және 150 мың теңге сомасына жуық 7 айыппұл. Оған қоса, аталмыш баптың 3 б. (шетелдік не азаматтығы жоқ адам жасаған әрекеттер) бойынша бес тәулікке дейін әкімішілік қамау қарастырылған 3 факт анықталды.

Сонымен қатар, «Сарыарқа» аудандық ІІБ учаскелік инспекторлары жыл басынан бері жезөкшелікпен айналысу үшін берілген 16-дан астам пәтер анықталды. Тексеру нәтижесінде құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК 450 бабы (жезөкшелікпен айналысуға ғимарат беру) бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Барлық материалдар сотта қаралып, ірі сомада айыппұл салынды.

Соңғы жаңалықтар