10:52, 14 Ақпан 2013 | GMT +5
«Астаналық» велошабандоз В. Нибали Оман турының кезеңінде 11-ші келді
АЛМАТЫ. 14 ақпан. ҚазАқпарат -Бүгін велоспорттан Оман Сұлтанатында Оман турының 152,5 шақырымдық 4-ші кезеңі өтеді.

Алғашқы үш кезеңде «Astana Pro Team» командасынан ең жоғарғы нәтиже көрсеткен италияндық Винченцо Нибали болды. Ол 162 шақырымдық бірінші кезеңде мәре сызығын 51-ші, 146 шақырымдық екінші кезеңде 4-ші және 190 шақырымдық үшінші кезеңде 11-ші болып кесіп өтті. «Астана» командасының тағы бір велошабандозы италияндық Джакопо Гуарниери алғашқы кезеңде үздік ондықтың қатарына (10-ыншы орын) ілінген болатын, бірақ одан кейін жоғары нәтижеге қол жеткізе алмады.
Жалпы бұл дүбіріл додада «Astana Pro Team» командасынан олардан басқа тағы 6 спортшы өнер көрсетуде. Олар қазақстандық Арман Қамышев пен Дмитрий Муравьев, украиндық Андрей Гривко мен Дмитрий Груздев, американдық Эван Хуффман мен словениялық Борут Бозич.