13:41, 22 Тамыз 2016 | GMT +5
Астаналық жүргізушілер мектеп және балабақша маңында жылдамдықты 40 км/с-ға дейін азайтуға міндеттеледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа оқу жылы қарсаңында елорда жүргізушілері мектеп және балабақша маңында жылдамдықты 40 км/с-ға дейін азайтуға міндеттелді. Арнайы осы үшін білім беру нысандарының қасына «Жылдамдықты шектеу» және «Балалар» ескерту белгілері орнатылды.

Жергілікті полиция қызметінің мәліметтері бойынша, екі күнде мектеп пен балабақшалар маңындағы жылдамдық режиміне қатысты 500-ден астам ереже бұзушылық тіркелген.
«Жолда жүру ережелеріне сәйкес, 3.24 «Жылдамдықты шектеу» белгісі бойынша жылдамдықты 40 км/с дейін азайту керек. Сонымен бірге, балалар мекемесінің маңында жылдамдықты азайту үшін жасанды жол кедергілері төселеді», - деді Астана ІІД жергілікті полиция қызметінің баспасөз қызметі.