Астаналықтар испандық саяхатшыға отанына оралуға көмектесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қиындыққа тап болған саяхатшыға қамқорлық көрсетілді, ол ыстық тамақ пен баспанамен қамтамасыз етілді,  сондай-ақ оған қажетті медициналық көмек көрсетілді, деп хабарланды әкімдіктің медиа орталығынан.
None
None

Қазақстанға сапарлап келген испандық турист қиын жағдайға тап болды. Ол Ақтау қаласында құжаттарын жоғалтып алған, дегенмен Астана қаласына жеткен. Қиындыққа тап болған шетелдік азаматқа елордада көмек көрсетіліп, жеке басын анықтағанша заңға сәйкес Астана қ. ІІД қабылдау пунктіне орналастырылды.

Саяхатшының қиындыққа тап болған жағдайы туралы көші-қон бойынша БҰҰ агенттігінің қолдауымен жүзеге асырылатын «Қадір-қасиет» ҚБ заң бөлімінің қызметкерлерінің көмегімен белгілі болды.

Еріктілер испандық саяхатшыға «Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы»  КММ-не орналасуға көмектескен. Ол бұл орталықта шамамен 1 апта болған.

Шетелдік азаматқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп, ыстық тамақ пен жатын орын берілді, деп хабарлады медиа орталық тілшісіне Астана қ. белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы директорының орынбасары Динара Шапина.

Д. Шапинаның сөзіне қарағанда, Испания азаматының ісі Астана қ. мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қарастырылып, шетелдік азаматты еліне қайтару жөнінде шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта турист еліне қайтып оралды.

Соңғы жаңалықтар