Астаналықтар Түркия еліне 4 тонна көмек жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналықтар зілзаладан зардап шеккен Түркия еліне 4 тонна көмек жинап, жөнелтті. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы Елшілігі хабарлады.

Астаналықтар Түркия еліне 4 тонна көмек жіберді
«Астанадағы қамқор жандардың жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін елшілігімізге жеткізген 4 тонналық көмек материалдары Түрік әуе жолдары арқылы қайырымдылық қорларымызға жіберілді» - делінген елшілік хабарламасында.

Еске салсақ, қазақстандықтар Түркия халқына көмек ретінде 100-ге жуық киіз үй жібереді.

Қазақстан Үкіметі Түркияға гуманитарлық көмек ретінде $1 млн бөлді. Сондай-ақ

Kaspi.kz қосымшасы арқылы Түркияда зардап шеккендерге қаражат аударуға болады.

Түркиядағы алапат зілзала 6 ақпан күні Түркияның Кахраманмараш-Пазарджик ауданында 7,7 балл қуатымен және Эльбистанда 7,6 балл қуатымен басталған еді.

Жер сілкінгеннен кейін артынан 648 афтершок болған.

Жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес елдерде, соның ішінде Сирияда сезілді.

Соңғы мәлімет бойынша Түркияда зілзаладан көз жұмған саны 21 мыңнан асты.