Астанамен бірге өзінің туған күнін Шымкенттің хайуанаттар бағындағы керік те атап өтті

ШЫМКЕНТ. 7 шілде. ҚазАқпарат - Шымкенттік хайуанаттар бағында 6 шілде күні дүниеге келген Астана есімді керік туған күнін атап өтті. Мереке күні ол хайуанаттар бағының қызметкерлерінен сыйлыққа 15 келілік торт алды.
None
None

Жас керік екі жасқа толды, және бұл оның Шымкенттегі бірінші туған күні. Өткен жылы оны оңтүстікке Алматыдан әкелген еді. Бұл уақытта жануар жақсы үйреніп, енді мыңдаған көрермендер алдында ұялмастан қоқиланады. «Біз үшін бұл үлкен оқиға. Мұнда ол халыққа үйренді, соған өте қуаныштымыз», - деді шымкенттік хайуанаттар бағының директоры Сейдолла Жұбаев.

Соңғы жаңалықтар