Астананың бас санитар дәрігері тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Шағалтаева Айгүл Қошмұхаметқызы Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болып тағайындалды. Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова өзінің орнына келген елорданың бас санитар дәрігерін ұжымға таныстырды. 

Астананың бас санитар дәрігері тағайындалды
Фото: Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Айгүл Шағалтаева 1968 жылдың 26 шілдесінде Қарағанды облысында дүние келген.

1993 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институты, гигиенист- эпидемиолог дәрігері мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 1993 жылы Ақмола қаласы санитарлық- эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігер болып бастады;

1998 жылдан 2001 жылға дейін Ақмола қаласы санитарлық- эпидемиологиялық станциясының санитарлық бөлімінің меңгерущісі;

2001 жылдан 2003 жылға дейін Астана қаласы санитарлық –эпидемиологиялық басқармасының санитарлық -дәрігер ;

2003 жылдан 2005 жылға дейін Астана қаласы медициналық колледжісінің оқытушысы ;

2005 жылдан 2007 жылға дейін Астана қаласы санитарлық –эпидемиологиялық қадағалау департаментінің құрылыс және объектілерді қайта құру бөлімінің бас маманы;

2007 жылдан 2014 жылға дейін Астана қаласы санитарлық –эпидемиологиялық қадағалау департаментінің емдеу профилактикалық объектілерге бақылау және дезинфекциялау, стерилизациялау іс-шараларын жүргізу бөлімінің бастығы ;

2014 жылдан 2017 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірлігі Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша Тұтынушылардың құқығын қорғау Департаментінің ішкі ауруханалар инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы ;

2017 - 2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министірлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау Департаменті басшысының орынбасары;

2019 жылдан бастап «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» басшының орынбасары.

Биылғы 2 қазаннан бастап Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болып жұмыс істеген еді.

Еске салсақ, Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Сархат Сағынтайқызы Бейсенова Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметіне тағайындалған болатын. 

Соңғы жаңалықтар