Астананың екі вокзалы арасында 237 теңгеге жетуге болады: пойыз кестесі
АСТАНА. KAZINFORM — «Нұрлы жол» және «Астана-1» вокзалдары арасында пойызбен шамамен жарты сағатта жетуге болады. Жолаушыларға қандай рейстер қолжетімді және пойыздар қай уақытта қатынайды? Бұл туралы Kazinform агенттігінің материалынан білуге болады.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, екі вокзал арасында күн сайын төрт пойыз қатынайды.
«Нұрлы жол» вокзалынан «Астана-1» вокзалына дейін мына пойыздар жүреді:
-
№ 7507 «Нұрлы жол — Көкшетау» пойызы сағат 06:35–те жөнелтіліп, 07:04–те жетеді;
-
№ 887 «Нұрлы жол — Курорт Бурабай» пойызы сағат 10:10–да жөнелтіліп, 10:39–да жетеді.
«Астана-1» вокзалынан «Нұрлы жол» вокзалына дейінгі пойыздар:
-
№ 888 «Курорт Бурабай — Нұрлы жол» пойызы сағат 17:10–да жөнелтіліп, 17:40–та жетеді;
-
№ 7508 «Көкшетау — Нұрлы жол» пойызы сағат 22:15–те жөнелтіліп, 22:45–те жетеді.
Жол жүру құны вагонның жайлылық класына байланысты. Пойыздардың өзекті жүру кестесі мен билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан көруге болады.
Бұған дейін Қазақстанда жолаушылар пойыздарына бейнеталдау технологиясын енгізу жоспарланып отырғанын жазғанбыз.