Астананың оң жағалауындағы көше жөндеу жұмысына байланысты жабылды
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада 26 қазан мен 3 қараша аралығында Ш. Мұртаза көшесінің Керей Жәнібек көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі аралығында жол төсеміне жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
— Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет, — делінген хабарламада.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Бұған дейін Астанада 18 қабатты үй өртеніп, төрт адам құтқарылғанын жаздық.